Бүгін депутат Г.Нұрымова ҚР ұлттық қауіпсіздікке және арнайы мемлекеттік органдарға қатысты Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты. Заң жобасы бойынша өз сұрағын Әділет министрлігінің өкілдеріне жолдады:
—Жобамен Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар өкілеттіктер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құзыретін нақтылайтын нормалар беру ұсынылады. Мемлекет қазір дебюрократизация мен оңтайландыру жолымен келе жатқанын ескере отырып, олар Үкімет бастаған жұмысқа қайшы болып келмейме? Әділет министрлігінің өкілі заң жобасымен жұмыс істеу барысында барлығы талаптарға сәйкес келтірілетінін айтты.