Бүгін Үкімет сағаты аясында Әлеуметтік кодексті талқылау өтті. Министр Т.Б. Дүйсенов әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңа тәсілдер туралы баяндады.
Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары:
- цифрлық отбасы картасын енгізу;
-жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер;
- жаңа көші-қон саясаты;
- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту;
- зейнетақы төлемдерінің өсуі.
Депутат Г.Нұрымова Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасының барлық тармақтарын сапалы орындау қажеттігі туралы пікірталаста сөз сөйледім, ол бүгінгі таңда тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Атап айтқанда, жаңа туған нәрестелердің неонатальды, сурдологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық скринингтері толық жүргізілмеген, бұл ерте жаста ауыр тұқым қуалайтын патологияны анықтауға және балалардың болашақта мүгедектікке, оның ішінде орфанды аурулардан, саңыраулықтан, балалардағы соқырлықтан, үлкен ауруларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Үкіметтік сағаттың үзіндісін видеогалереяда көруге болады.