Бүгін комитеттің кезекті отырысы өтті.Сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері, Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын талқыладық. Комитет жұмысқа қабылданған жобалар бойынша жұмыс тобының мүшелері анықталды. Сондай-ақ, Комитет өткізген іс-шараларының ұсынымдарын орындау бойынша орталық МО өкілдерін тыңдадық.
Кейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жұмыс тобының мүшелері жобаға бірқатар толықтырулар мен өзгерістерді қарап, талқылап, мемлекеттік органдар өкілдерінің пікірін тыңдады