Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Заң жобасы қаралған кезекті жұмыс тобының отырысы өтті.
Бірнеше мәселе қаралды. Соның ішінде медицина қызметкерлері жұмыс орнында (өз міндеттерін орындау кезінде) өндірістік жарақат алса... Ал сол алған ауыр жарақаттан мүгедек болып қалса... Немесе сол қызметкер қайтыс болған жағдайда олардың балаларына берілетін басымдық құқықтарын қозғадық.
Мәселен медицина маманының баласы ЖОО түсетін кезде және оның балы басқалармен бірдей тұрса, онда сол қызметкердің ұлы н/е қызына басымдық беріліп, оқуға түсе алады.