Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін денсаулық сақтау мәселелері бойынша Заң жобасы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Бүгін денсаулық сақтау мәселелері бойынша Заң жобасы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Біз бірнеше түзетулерді қарап, талқыладық.

Бұл ретте басты талқыланған тақырып - клиникалық хаттамалар мен GPP стандартына қатысты болды.

Заңды тұрғыда клиникалық хаттамалар дәрігерлер үшін ұсыным ретінде болуы керек.

Ал GPP стандарты ерікті негізде енгізілгені абзал. Яғни кім қалайды, оған шектеу жоқ дегендей.

Мен бұл тақырыпты бұған дейін бірнеше рет депутаттық сауалымда көтердім. Еліміздегі дәріханалардың небәрі 9%-ы ғана GPP стандартына сәйкес келеді. Ал қалған 91% талапқа сай емес деп, жұмысын тоқтатуы тиіс пе? Бұл талап үдесінен шығуға шағын дәріханалардың шамасы жете бермейді.

Сондықтан бұл бағыттағы бизнес өкілдері бұрынғысынша министрлік лицензиясымен жұмысын жалғастыра бергені жөн.