Бүгін ҚР Парламентінің депутаттары маңызды оқиғаға қатысты - "Қазақстан" орталық концерт залында еліміздің жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында Рим Папасы Франциск сөз сөйледі. «Қазақстан» концерттік залында ҚР президенті Қ.К. Тоқаев елімізде өтетін діндер съезіне арнайы келген Рим Папасы Францискке құрмет көрсетті. Мемлекет басшысы кезекті рет өзінің дипломатиялық мәдениетін танытып, ағылшын тілінде шебер сөйледі. Рим папасы Франциск Қазақстанның еліне құрмет ретінде қазақ елінің қонақжайлығын сөз етіп, тарихымызға көз қаратып, домбыра аспабының біздің ел үшін керемет маңызын атап өтті. Сонымен бірге біздің елге ауызбіршілік пен диалог іздеп келгенін, бейбітшілікке қашан да ұмтылатынын айтты. Әлем тарихында өзіндік рөлі бар тұлғалардың жылы лебізін есту жанға медет сыйлайды екен. Бұл оқиға біздің көпұлтты мемлекетіміздің діни конфессияларының барлық өкілдері үшін өте маңызды. Бұл демократиялық мемлекет құрудың алдағы жолындағы маңызды қадам.