Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжанов мырзаға

        

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

                   Балалардың құқықтарын қорғау, өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен дамуы ел үшін сөзсіз басымдықтар болып табылады. Халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын қорғау проблемасы, кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік пен босану алаңдаушылық туғызады және қазіргі жағдайда ерекше медициналық-әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Қазақстанда жасөспірімдер жүктілігінің көрсеткіші жоғары болып қалуда: жыл сайын 1000 жасөспірім қыздың 30-ға жуығы босанады. Бұл Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастықтың деректері. Ерте жүктілік 12 және одан жоғары жаста басталады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы кәмелетке толмағандар арасында 2777 жүктілік жағдайы тіркелген. Жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында – 496, Алматы облысында – 379, Жамбыл облысында – 204 және Қарағанды облысында – 196. Қазақстанда жасөспірім қыздар басқа дамыған елдерге қарағанда алты есе жиі босанады. Кәмелетке толмағандар арасында түсік жасату пайызы жоғары. Ерте жүктіліктің жағымсыз жақтарының бірі жасөспірім ана мен оның баласының денсаулығына зиян келу болып табылады. Жүкті жасөспірімдердің үштен бірі жеткіліксіз перинаталды қызмет алады. Сонымен қатар, ерте жүктілікке әлеуметтік-экономикалық факторлар ілесіп жүреді.

Кәмелетке толмаған жүкті қыздардың 10-12 пайызы ғана орта білім алады. Жүктілік кезінде және одан кейін жасөспірім қыздар арасында суицидтің таралуы 7 есе көп. Қазақстанда 2020 жылы кәмелетке толмаған 53 қыз өз-өзіне қол жұмсаған, жасалған талпыныстар саны – 221. Денсаулық сақтау жүйесінде ерте жүктіліктің профилактикасы үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі, атап айтқанда, 128 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жастарға ақпарат беру жөніндегі Ұлттық коммуникациялық стратегия мен Медиажоспар, онлайн консультация беруге арналған алгоритмдер топтамасы әзірленіп, енгізілді. 2019 – 2020 жылдары жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және оларға қызмет көрсету ерекшеліктері бойынша арнайы біліктілік курстарында ЖДО деңгейінде 118 медицина қызметкері оқытылды. Алайда, бұл проблеманы шешу ведомствоаралық көзқарасты талап етеді және ең алдымен, балалықты қорғау саласындағы уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан кешенді шаралар ұйымдастыруды талап етеді.

      Жасөспірімдердің ата-аналарымен де, жасөспірімдердің өздерімен де ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған білім беру жүйесі «салғырт» жұмыс істей отырып, нысаналы топтарда осы проблема бойынша жұмыс жүргізбейді. Өңірлерде тіпті 12-14 жастағы жасөспірімдердің жүктілік себептерін анықтау жөніндегі жұмыс нашар жүргізіледі. Ерте жүктілік жағдайларын жасыру фактілері жиі кездеседі.

         Қазіргі таңда республика мектептерінде 1,7 миллионнан астам қыз бала оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 48,9 %-ы. Жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес кәмелетке толмағандардың репродуктивтік денсаулығының қорғалу құқықтарын 7,5 мыңнан астам мектеп психологі, 3 мыңнан астам әлеуметтік педагог және 200 мыңнан астам сынып жетекшісі жүзеге асырады, сыныптан тыс сағаттар өткізіледі. Алайда, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау істері жөніндегі кеңестің өңірлердегі жұмысы қорытындысының фактілері бойынша әлеуметтік педагогтер, көбінесе, мектептегі балаларға уақтылы көмек көрсету үшін олардың отбасыларының әлеуметтік паспорттарын білмейді, 8 өңірде мектептердің психологиялық қызметтерінің, оның ішінде суицидтің профилактикасы бойынша жүйелі көзқарас жоқ, осыған байланысты, психологтер әдістемелік материалдарды интернеттен алады. Сонымен бірге, мектептегі әлеуметтік педагогтер мен психологтердің дәл осы уақтылы анықтауы және жасөспірімнің отбасына кешенді көмекті ұйымдастыруы отбасының қолайсыз отбасы санатына кіруі, отбасының қиын өмірлік жағдайға тап болуы профилактикасының тиімді тәсілі бола алады, тиісінше ерте жүктілік, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар, суицидтер және басқа да құбылыстар түріндегі көптеген салдардың алдын алады. Осылайша, жоғарыда айтылғандарды, статистиканың деректерін, қалыптасқан жағдайды және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы орталық мемлекеттік органның – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жұмысына көзқарасты ескере отырып, проблема жүйелі түрде шешілмей отыр.

Халықаралық тәжірибе мен зерттеулерге сәйкес профилактика бойынша баса назар мектептерде шоғырланатын, нысаналы топтардағы кешенді бағдарламалар көзделген, кәмелетке толмағандарға атаулы психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуге, салауатты өмір салтына, репродуктивтік денсаулыққа, білім алушылар арасындағы ақпараттық жұмысқа көп көңіл бөлінетін елдер кәмелетке толмағандар арасындағы жүктілік статистикасы ең төмен елдер болып табылады.

         Аталған фактілердің бәрі ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұлғасындағы үйлестіруші рөлімен мемлекеттік органдардың – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен жүйелі шаралардың қажет екенін көрсетіп отыр.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құрметті Ералы Лұқпанұлы, осы мәселені қарап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұлғасындағы уәкілетті мемлекеттік органға мынадай ұсынымдарды ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің профилактикасы және алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсыруыңызды сұраймыз:

1. әкімдіктердің бейінді қызметтерімен ынтымақтастықта отбасылармен жұмыс істеу мәселелерінде, әсіресе, мектептердегі әлеуметтік педагогтер мен психологтердің жұмысын күшейту бөлігінде ведомствоаралық байланысты орнатып, кешенді және атаулы көзқарасты тұжырымдау;

2. ҚР Білім және ғылым министрлігі тұлғасындағы уәкілетті мемлекеттік органның қазіргі жағдайды ескере отырып, білім беру мекемелерінде жүйелі көзқарастарды қамтамасыз етуі, атап айтқанда, отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды, рухани-адамгершілік тәрбиені қолдауға және нығайтуға арналған бағдарламаны әзірлеуі;

3. репродуктивтік денсаулыққа да, әлеуметтік қатынастарға да қатысты ерте қарым-қатынастың салдары туралы түсіндіру жұмысын, әсіресе, неғұрлым осал топтар арасында күшейту.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Nur Otan» партиясы

фракциясының мүшелері                                                                Д. Зәкиева

                                                                                                              Г. Нұрымова