Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    14 қыркүйекте депутат К.В.Авершин жариялаған ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалда Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінің жабылуына қатысты мәселе көтерілді. Бүгін Мәжілісте "AMANAT" партиясының алаңында Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевпен кездесу өтті, оған онлайн форматта оқушылардың ата-аналары, спортшылар, қоғам өкілдері, белсенділер қатысты. Мұндай мүмкіндік оларда алғаш рет болды, кездесуге қатысушылар тікелей мәселелерді көтерді, министрге сұрақтар қойды, өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Әңгіме ұзақ (екі сағаттан астам) және қиын болды, көптеген сұрақтар көтерілді.  Мәселе өте өзекті және өте күрделі.
    депутат Г.Нұрымова Министрге тікелей, нақты сұрақ қойды – қазір мектептің жұмысын қалпына келтіруге бола ма? Оған жауап алдым: бұл өте қиын. Сонда неге қиын? Министр құрылтай құжаттарын, Жарғыны және т.б. ауыстыру бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермейді деп санайды. Сонымен, Балалар жылында Үкімет бірғана мәселені шеше алмайдыма?.….    Депутаттың ойынша - барлығын қайтаруға болады…
    Мәселені басынан бастап білетін және мектеп тарапынан көмек туралы үндеуге түсіністікпен қараған депутаттар Министрліктің атына мектеп пен колледжді сақтау қажеттілігі туралы өз көзқарастарын білдірді. Кеңес мынадай шешімге келді — депутаттар, жұртшылық, Вице-министр С.М. Жараспаевтан тұратын жұмыс тобы құрылады және оның жұмыс нәтижелері бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады.