Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттардың оңтүстік өңірдегі сапары Шардара ауданымен түйінделді

Түркістан облысындағы сапарында Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Шардаралық тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында Қаңтар оқиғасынан бастап, аудандағы шешілмеген мәселелерге дейін сөз болды.

Алматыдағы СИЗО-18-ден «Ақ жол» депутаттарының Бас прокурорға өтініші бойынша жараланып, қамауға алынған Сүндет Түрікпенбай босатылды. Тергеу барысында Сүндеттің заң бұзушылыққа ешқандай қатысы жоқтығы дәлелденіп, қазіргі таңда ол үйінде емделіп жатыр. Жас жігіттің жақындары ұлына көмектескен Қазыбек Жарылқасынұлына және бүкіл «Ақ жол» фракциясына алғыстарын білдірді.

Жиында бұдан бөлек, Шардаралық шаруалар:

Сондай-ақ терілерді бастапқы өңдеуге, сақтауға және одан әрі өткізуге арналған қымбат емес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы айтты. Әзірше бұл шикізаттың орасан көп мөлшері шіріп, қоқысқа тасталып, қоршаған ортаны ластауда.

Азат Перуашев бұл мәселені «Ақ жол» партиясыны депутаты Ерлан Барлыбаев басқаратын Мәжілістің аграрлық комитетінде көтеруге уәде берді.

Шардара - ақын, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның туған жері. Кездесу соңында «Ақжолдық» депутат Қазыбек Исаға былтыр берілген облыстың құрметті азаматы атағы ресми хабарланып, «құрметті азаматы» белгісі табысталды.