27 сәуірде депутат С.М. Пономарев елордалық Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.Сессияның тақырыбы - «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму». Іс-шаралар 26 сәуірде сессия делегаттарының қатысуымен панельдік пікірталаспен басталды, онда идеологиялық және практикалық сипаттағы мәселелер талқыланды. 27 сәуірде сессияға Мемлекет басшысы қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым, республикалық БАҚ қатысты.
https://www.instagram.com/p/Cri8cPLuB5F/?igshid=YmMyMTA2M2Y=