12 маусымда депутат С.М.Пономарев "AMANAT" партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің бірінші отырысына қатысты. Кеңес 21 мүшеден тұрады. Кеңес отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, экология және табиғи ресурстар вице-министрі, партия жанындағы өңірлік экологиялық кеңестердің төрағалары қатысты.
Бүгін бірнеше мәселелер қаралды:
1. Экологиялық кеңестің жұмысын ұйымдастыру туралы.
2. Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде экологияны жақсарту жөніндегі негізгі міндеттер туралы.
3. Әр түрлі мәселелер.
Экологиялық кеңестің негізгі міндеттері «экологияны жақсарту: таза ауа, жер және су» бағыты бойынша партияның жол картасын іске асыруды және мониторингтеуді қамтамасыз ету болып табылады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Д.Б. Бекмағамбетов сөз сөйлеп, отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Депутат С. М. Пономарев «АрселорМиталл Теміртау» қызметі мен проблемаларына, атап айтқанда шығарындыларды азайту жөніндегі экологиялық талаптарды енгізуді кейінге қалдыруға қатысты Теміртау қаласындағы Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті депутаттарының жұмыс сапарының нәтижелері туралы баяндама жасады.
Кеңестің жұмысы туралы "ЛИТЕР" газетіндегі мақаланы оқыңыз