Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық тобының отырысы

    Депутат С.М. Пономарев ҚР Парламентінің "Бір ел - бір мүдде" депутаттық тобының құрамына кірді. Топқа Парламенттің екі Палатасының депутаттары кірді, бірінші отырыс 12 маусымда өтті. Қазақстан Республикасы Парламентінің "Бір ел - бір мүдде" депутаттық тобы депутаттардың ерікті бірлестігі болып табылады және елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы заңнамалық қамтамасыз етуді үйлестіру үшін құрылды. Топ жетекшісі - Сенат депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы.Топтың міндеттері - Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизм, қазақ халқының шоғырландырушы рөлі кезінде Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени бірлігі негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің заңнамалық қызметіне қатысу және т. б.


Image title