Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Семинарға қатысу

    1 наурызда депутат «Қазақстандағы Климаттық заңнаманы және көміртекті реттеуді жетілдіру» тақырыбында Сараптамалық семинар жұмысына қатысты. Семинарды  «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдаумен  ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық және отандық сарапшылар қатысты. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т. Жақсалықов, ҚР ЭМ ЖЭК департаментінің директоры Ж. Қасенов баяндамалар жасады, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық палатасының мүшесі А. Скакова климаттың өзгеруінің пайдалану тиімділігіне әсері проблемаларын өз сөзінде көтерді. Сараптамалық семинардың қорытындысы бойынша парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстан Республикасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарына ұсынымдар жобасы қабылданды.


Image title