Депутат С.М. Пономарев Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың атына BI Group науқанының объектісі - "Boulevard Residence" Тұрғын үй кешеннің мәселені шешу, Пожарский көшесін ашу, осы ауданда мектеп салу, сондай-ақ қалада тұрғын үй салу және оның құрылысын бақылау қағидаларын қатаңдату жөнінде қабылданған шаралар туралы хат жолдады.
Алматы қаласының әкімі
Досаевқа Е. А.
Құрметті Ерболат Әскербекұлы!
Қала халқының көбеюі, урбанизация және инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуі республиканың мегаполистерінің ең өзекті мәселелерінің бірі құрылыстың тығыз салынуы боп табылады. Оған күн сайын Қазақстанның көптеген қалаларының тұрғындары келуде. Ал Алматы, өкінішке орай, олардың ішінде алдыңғы қатарда. Қалалық ландшафтқа мұндай құрылыстар даму жолдарға, инфрақұрылымға, инженерлік желілерге үлкен жүктемеге әкеп соқтырады.
Жергілікті атқарушы органдардың жауапсыз көзқарасы, құрылыс компанияларының соңғы жылдары пайда табу жолындағы немқұрайлылығы қаланың даму перспективаларына үлкен алаңдаушылық тудырды. Алматылықтар салынып жатқан құрылыстарға қарсы екендігі, күресуге алаңдаушылық көрсетіп жатқандығы туралы тұрғындардан ондаған хаттар, шағымдар, өтініштер ҚР Парламенті Мәжілісінің атына келіп түседі.
ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаев еліміздің ірі қалаларында тұрғын үй кешендерінің жанында көпқабатты үйлердің тығыздалған құрылысын тоқтатуды тапсырғанына қарамастан, адамдардың қалыпты тұрғын үй жағдайларына деген қажеттіліктерін елемеу жалғасуда.
Сіздің назарыңызды BI Group құрылыс компаниясы – «Boulevard Residenc» тұрғын үй алабы бойынша нүктелік құрылыстың айналасындағы орын алып жатқан келеңсіздіктерге аударғым келеді. Аталған компания «Мечта» тұрғын үй кешенінің шығыс жағында 12-қабатты 5 блок салуды жоспарлап отыр, бұл ретте үйлер арасындағы арақашықтыққа қатысты құрылыс талаптарының бұзылуына әкелетінін, сондай-ақ тұрғындарды уақтылы жедел медициналық, өртке қарсы, техникалық және т.б. көмек алу мүмкіндігінен айыратынын назарға алмай отыр.
Сонымен қатар, тағы бір тұрғын үй алабын пайдалануға беру инженерлік желілерге, сумен жабдықтау жүйесіндегі апаттарға және қаланың осы ауданындағы онсыз да шиеленісті көлік артериясының нашарлауына әкеледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде, кездесулерде Үкіметке осы салада қажетті шаралар қабылдауды тапсыра отырып, әлеуметтік нысандарды жоспарлау және салу мәселесіне бірнеше рет назар аударды. Алайда, «Boulevard Residence» тұрғын кешенінің құрылысына рұқсат бере отырып, жергілікті билік те, құрылыс салушылар да халықтың кейінгі өсуі мен медициналық мекемелердің, мектептер мен балабақшалардың тапшылығы туралы ойлаған жоқ. Қаланың бүкіл ел үшін мәдени-тарихи маңыздылығын және оның ғимараттары сыртқы сәулеттік келбетке сәйкес келуі, тек ережелер мен нормаларға сәйкес салынуы керек екенін еске салғым келеді. Кейбір отандық компаниялардың «құрылыс белсенділігі» халық арасында әлеуметтік шиеленісті тудырады, стихиялық қойылымдарға, пикеттерге және митингілерге әкеп соқтырады, бұл да мегаполистің өміріне теріс әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Сізден BI Group – «Boulevard Residence» тұрғын үй кешеніне қатысты мәселені шешуді және Пожарский көшесін ашуды, осы ауданда мектеп салу туралы мәселені қарастыруды, сондай-ақ қалада тұрғын үй салу және оның құрылысын бақылау ережелерін қатаңдату бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат жолдауыңызды сұраймын.
Құрметпен, С.Пономарев