Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    ҚР Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты С.М.Пономарев Наурызбай ауданындағы «Ақсай» су жинау құрылысымен танысты. «Ақсай» су жинау құрылысы Алматы қ. Наурызбай ауданының Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар, Шұғыла шағынаудандарын, сонымен қатар Алматы облысы Қарасай ауданының Жаңатұрмыс, Қырғауылды ауылдарын сумен қамтамасыз етіп, 100 мың тұрғынды қамтуға мүмкіндік береді. Тазарту станциясының өнімділігі тәулігіне 22 000 м3 құрайды, бұл Алматы қаласы Наурызбай ауданының оңтүстік-батыс бөлігін сумен жабдықтау тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жасыл желектерді өтемдік отырғызу мәселесін шешу талап етілетіні атап өтілді. Нысанды 2025 жылдың қараша айына дейін тапсыру жоспарлануда.

Image title