Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.М. Пономарев Наурызбай ауданындағы «Қарғалы» су алабы құрылысының барысымен танысты. «Қарғалы» жаңа станциясы Қарғалы, Құрамыс, Таусамалы, Тастыбұлақ, Жайлау шағынаудандарында 50 мың тұрғынды сумен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл қуаттылықты тәулігіне 2 есе 15 мың текше метрге дейін арттырады. Құрылыс Іле-Алатау Ұлттық паркінің аумағы шегінде қосымша рұқсат құжаттарын алуға байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, құрылыс алаңына түсетін ағаштарды кесу мәселесін шешу қажет, атап айтқанда рұқсат алу және шығындарды өтеу мәселелері бар.