28 қыркүйекте депутат «Қазақстанның медиа-кеңістігін құқықтық реттеуді реформалау: ашықтық, тиімділік және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараны «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық Қоры ұйымдастырған. Оның жұмысына шетелдік елшіліктердің, ЕҚЫҰ, БҰҰ БЖКПЧ және Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, журналистер қатысты. Іс-шара ақпаратқа жалпыға бірдей қол жетімділіктің Халықаралық күніне арналды және онда, тиісінше, тұтастай алғанда қазақстандық медиа заңнама және қазақстандық журналистердің ақпаратқа қол жетімділігі туралы айтылды. Талқылау барысында медиалық заңнамаға өзгерістер енгізу, ақпаратқа қол жеткізу және халықаралық тәжірибені қолдану туралы әртүрлі көзқарастар айтылды.