5 сәуірде өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша талқылау барасында депутат С.М. Пономарев баяндамашыға келесі сұрақ қойды: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімге 2013 жылғы 17 мамырда қол қойылған. Баяндамада атап өтілгендей, жобалық қызметте және халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыру үшін түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық ауқымын кеңейтуде Орталықтың әлеуеті мол. Сіздер әлемде болып жатқан апаттарға байланысты осы Келісімге қатысушы елдердің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырсыздар ма? Осы бағытта қандай жұмыс жүргізілуде?»