Депутат С. М. Пономарев 5 сәуірде "Жылу энергетикасы туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"; "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңдарының жобаларын таныстыруға қатысты, жобалар жөніндегі бас комитеті - Экология мәселелері және табиғат пайдалану Комитеті.
Заң жобасы бойынша энергетика министрі А. Сәтқалиев баяндама жасады. Заң жобасы жылу энергетикасы саласындағы саясатқа құзыреттілік пен жауапкершілікті қайта бөлуді көздейді. Бұл жоба тарифтік реттеудің нақты, толық қағидаттарын және жылу энергиясына реттелетін тарифтер сәйкес келуі тиіс өлшемшарттарды, атап айтқанда тарифтік әдістемені жетілдіру, экономикалық негізделген тарифті қамтамасыз ету, инвестициялар тарту мүмкіндігін белгілейді. Жылумен жабдықтау субъектілерін емес, осал тұтынушыларды тікелей бюджеттік қолдауды жүзеге асыру тетігі көзделген.
Депутаттар жоба бойынша бірқатар сұрақтар қойды, одан әрі жұмыс жұмыс тобында жалғастырады.