6 сәуірде депутат С.М. Пономарев жергілікті өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңының жобасын таныстырылымына қатысты. Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын құруды реттейтін заң жобасы бойынша баяндаманы Ұлттық экономика вице - министрі Б.Омарбеков жасады. Заң жобасы таныстыруға қатысушылардың көптеген сұрақтарын тудырды.
Жобаны талқылауға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар да қатысты.
Заң жобасы бойынша жұмыс Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетіндегі жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.