Бүгін, 25 сәуірде Экология мәселелері және табиғат пайдалану Комитетінде "Мемлекет басшысының сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін іске асыру шеңберінде электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделін дайындау мәселелері туралы" тақырыбында тақырыптық отырыс өтті.
Жиынға депутаттар -Комитет мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты. Саланың ағымдағы жай – күйі туралы ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев баяндама жасады, Министрліктің ақпараты бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға электр энергиясын өндіруді 204 электр станциясы жүзеге асырады (74 – дәстүрлі, 130-ЖЭК). Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 24523,7 МВт, қолда бар қуаты – 19024,3 МВт құрады. Қазақстанның электр желілерінің орташа тозу деңгейі 66 % құрайды. Қостанай облысында ең жоғары тозу деңгейі – 85,3 %, Астана қаласында ең төмен – 29,5 %.
Отырысқа қатысушылар мемлекеттік орган өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойды. Депутат С.М.Пономарев Комитет отырысында сөз сөйлеп, саланың кәсіби кадрларының іс жүзінде жоқтығын атап өтті. Соңғы жылдары сала сөзбе-сөз қансыздандырылды, мамандардың жалақысы бүгінгі күні облыстық деңгейдегі орташа жалақы деңгейіне жетпейді. Нәтижесінде - саладан кадрлардың кетуі, жоғары білікті мамандардың болмауы. Жабдықтардың тозуының үлкен деңгейі, мамандардың төмен деңгейі салада бірқатар апаттарға әкелді,- деп депутат сөзін аяқтады