Бүгін, 26 сәуірде, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарады. Олардың ішінде -
«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде,
«Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде,
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институтын құру туралы келісім туралы Заң жобасын талқылау кезінде депутат С.М. Пономарев өз сұрағын баяндамашы - Ұлттық экономика министрі А. С. Қуантыровқа жолдады.Мәселе Қазақстанның ОАӨЭЫ институтында қалай ұсынылатынына қатысты болды.