Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Тақырыптық Комитет отырысы

    Бүгін Экология мәселелері және табиғат пайдалану Комитетінде "Экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары" тақырыбында кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті. Бұл Комитет отырысын депутат С.М. Пономарев дайындады.

    Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Экология және табиғи ресурстар министрі З.Б. Сүлейменова баяндады. Талқылау барысында депутаттар проблемалық және өзекті мәселелерге назар аударды. Депутат С.М.Пономарев өз сөзінде еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті, жылдар бойынша жоспарлы мәндерге, аяқталу мерзімдеріне және жауапты орындаушыларға қол жеткізуді ескере отырып, экологиялық проблемаларды шешу бойынша нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді қалыптастыруға назар аударуды ұсынды.