Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары таныстырылды. Депутат С.М. Пономарев осы заң жобалары бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады.

    Депутаттардың алдында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Е.С. Саденов баяндама жасады. Заң жобалары Мемлекет басшысының «Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығына және адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарына сәйкес әзірленді. Депутат Пономарев баяндамашыға екі сұрақ қойды.

"Сұрақ / жауап" бейнесін бейне галереядан және төменде көруге болады