7 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылады. Үкіметке көптеген сұрақтар қойылды: бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын орындамау, қаражат игермеу, бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігі туралы және т. б. Депутат С. М. Пономарев өз сұрағын Экология және табиғи ресурстар министріне жолдады. (Ол туралы видеосюжетті төменде немесе галареядан көре аласыздар).
Есеп Сенатқа жіберілді. Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін түпкілікті қарау Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтеді.