Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

   9 маусымда депутат «Масс-медиа туралы» жаңа Заң жобасын және ілеспе заңның жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстелге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, отандық журналистер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. Заң жобасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қ.Ж. Ысқақов таныстырды. Парламентке енгізілгенге дейін Заң жобасы жария талқыланып, жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өткізілді. Заң жобасы журналистердің мәртебесін көтеру, БАҚ сұрауларын қарау мерзімін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту, журналистерді баспасөз картасы арқылы аккредиттеу және т. б. сияқты мәселелерді қозғайды. Талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаттары ұсынылған заңнамалық нормалар бойынша өз ұстанымдарын білдірді.

    Депутат С.М. Пономарев өз сөзінде заң жобасында журналистерді әлеуметтік қорғауға бағытталған, мысалы, БАҚ өкілдерінің тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы бойынша нормалар көзделмегенін атап өтті. Сонымен қатар, депутат баспасөз картасын енгізу және басқа да мәселелер бойынша өз көзқарасын білдірді. Заң жобасымен жұмыс жұргізу кезінде депутат қаралып отырған Заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізеді.

    Депутаттың сұрағы / баяндамашының жауабы туралы бейнесюжетті галереядан қараңыз.

Депутаттың сөзі туралы жарияланымды сілтеме бойынша оқыңыз:

  https://kaztag.kz/ru/news/deputat-o-zakonoproekte-o-mass-media-my-mozhem-unichtozhit-nezavisimuyu-zhurnalistiku



Image title