2-3 қазанда Атырау облысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеттің көшпелі отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы: "Атырау облысындағы экологиялық жағдай туралы". Атырау облысындағы жағдай депутаттарды, сарапшыларды, жұртшылықты алаңдатады. Облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары Жайық өзенінен суды шамадан тыс тұтынады, бұл өзендегі жағдайды одан әріубықтыруда. Отырыстың жеке мәселесі - Каспий теңізінің жағдайын жақсарту бойынша шешім табу. Отырысқа Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Атырау облысының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, сарапшылар-экологтар, ірі мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші компаниялардың басшылары қатысты. Онлайн режимде ҚР ЭМ және ҚР ТЖМ өкілдері қатысты. Комитет депутаттары өңірдегі экологияны жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтіп, бейінді министрліктердің одан әрі жұмысында қолданылатын бірқатар ұсыныстарды айтты. Облысқа сапар барысында депутаттар бірқатар кәсіпорындарға барды: "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты", "Атырау Су арнасы", "Эко-техникс" ЖШС және т.б., Доссор кенті мен Құлсары ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізді.