Пономарев
Сергей
Михайлович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар маңызды Заң жобалары қаралды. «Масс-медиа туралы» ҚР Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау кезінде депутат С.М. Пономарев жарыссөзде сөз сөйледі.

    Депутат өз сөзінде қаралып отырған жобалар мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа-саланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. «Масс-медиа туралы» Заң жобасында журналистердің ерекше мәртебесін бекіту, олардың құқықтарын нығайту және міндеттерін кеңейту жөнінде жағдайлар жасау көзделеді. Сонымен қатар, С.Пономарев әріптестері - «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері қолдамайтын кейбір ұстанымдарға тоқталып, өз пікірін білдірді. Мысалы, журналистің Баспасөз(Пресс-) картасын енгізу туралы.

    Сөйлеудің толық мәтінімен төменде немесе бейне галереяда танысуға болады.