Бүгін депутат «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобалары бойынша жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Отырыс көшпелі болды, ол №2 қалалық көпсалалы ауруханада өтті, содан кейін жұмыс тобының мүшелері астаналық ХҚКО-на барды. Бүгінгі жұмыс тобының отырысында күрделі мәселелердің бірі - бала туылған кезде құжаттарды рәсімдеуге қатысты мәселелері қарастырылды.