Бүгін "Акваөсіру туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Жұмыс тобының мүшелері - Мәжіліс депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, олардың ішінде республиканың балық өсіру шаруашылықтарының басшылары, балық өсірушілер-практиктер және ғалымдар бірқатар ұстанымдарды қарады. Депутаттардың, сарапшылардың кейбір ұсыныстары қабылданды. Ұсыныстардың бір бөлігі пысықталып, 13 ақпанда өтетін келесі отырыста қаралады.