18 наурызда ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Парламент Мәжілісінде жаңа Су кодексінің әзірленген жобасының таныстырылымын өткізді. Бірқатар ауқымды жаңалықтарды қамтитын және Қазақстанның су заңнамасын өзектендіруге мүмкіндік беретін бұл іргелі құжат депутаттар тарапынан сынға ұшырады. Әзірлеушілерге көптеген сұрақтар қойылды. Жұмыс тобын заң жобасы бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Оның ішінде суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және қолдау және суды үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру және дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру, су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелерін шешу, суаруды дамыту және т. б. Депутат С.М. Пономарев трансшекаралық өзендерге қатысты өте маңызды мәселені көтерді.