Депутат С.М.Пономарев Алматы қаласында Словакия Республикасының Бас консулдығының ашылуына орай Словакия депутаттарының делегациясымен кездесуге қатысты. Құрметті Консул лауазымына Жасыл экономика саласындағы сарапшы-практик, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер Гүлмира Толғанбаева тағайындалды. Құрметті консул Гүлмира Толғанбаева "Консулдық - бұл Словакия бизнесі, мәдениеті әлеміне терезе және ол словак және қазақ кәсіпкерлері үшін ашық" деп сендірді.
Словакия 1993 жылы Қазақстанмен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Осы жылдар ішінде екіжақты сапарлар көп болды, оның ішінде парламентаралық деңгейде де болды. Елдер арасындағы тауар айналымы 120 млн. долларды құрайды (экспорт-1,9 млн., импорт - 118,3 млн.) және ол үнемі өсіп отырады.
Депутаттар А.С.Құспан мен С.М.Пономарев әріптестерінің, словак парламентшілерінің барлық сұрақтарына жауап берді. Оларды Қантар оқиғалары, Ауғанстандағы жағдай және Қазақстан өмірінің көптеген экономикалық аспектілері қызықтырды. Айтпақшы, біздің елдеріміздің достық қарым-қатынастарының бір мысалы - Ковид кезінде Словакия Қазақстанға 10 миллион еуроға Пфайзер вакцинасын бергені.