Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республиқалық қоғамдық бірлестігі.
Партияның мақсаттары:
• бүкіл қоғамның басты мақсатын – азаматқа лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету, ол үшін талап етілетін жағдайларды жасауға қабілетті күшті мемлекетті құруды заңнамалық жағынан бекіту арқылы тиімді мемлекеттіліктің қажетті негізі ретінде Қазақстан халқын біріктіру;
• бүкіл қоғамды біріктіру тәсілі ретінде әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн келістіру үшін келіссөз үдерістерінің тұрақты жұмыс істейтін тетігін жасау;
• жеке адамның саналы азаматтық ұстанымының қалыптасуына негіз болатын
ұлттық сана-сезімінің өсуіне дем беру;
Партияның міндеттері:
• азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға ықпал ету және Қазақстан Республикасында шынайы демократияны қамтамасыз ету арқылы қоғамның саяси өміріне қатысу;
• азаматтарға саяси білім мен тәрбие беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, Партияның Бағдарламасы мен басқа құжаттарының ережелерін, сондай-ақ Партияның түрлі мәселелері бойынша ұстанымын халыққа түсіндіру;
• түрлі аймақтық және Республикалық қоғамдық ұйымдарды Партияның ұсынатын мақсаттары мен бастамаларының төңірегіне топтастыру үдерісіне жәрдемдесу;
• Партияның басты мақсаттарына жетудің шарттары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін экономикалық тетіктері мен процедураларын әзірлеу және ұсыну;
• елдің болашағының мүддесіне сай «адами капиталды» қалыптастыру мен тиімді қолданудың тетігін анықтайтын заңнамалық негіздің қабылдануы мен іске асырылуына жәрдемдесу;
• Депутаттыққа және мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарды (кандидаттардың тізімдерін) ұсыну, аталған органдарды сайлауға және олардың жұмысына қатысу;
• мемлекеттік биліктің заң шығарушы (өкілді) органдарындағы және жергілікті өзінөзі басқару өкілдік органдарындағы партия фракцияларының, депутаттық топтары мен депутаттарының Партияның мақсаттарын іске асыру бағытында әрекеттерін үйлестіру.