2022 жылдың қараша айында Асхат Рақымжанов Қазақстаннан Социнтерннің вице-президенті болып сайланды.
Халықаралық ұйымның президенті – Испания үкіметінің төрағасы Педро Санчес.
Социалистік интернационал (Социнтерн) – 1864 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес социал-демократиялық ұйым. Бас кеңсесі Лондонда орналасқан.
Қазіргі уақытта барлық континенттен 132 саяси партиялар мен ұйымдарды біріктіріп отыр.
Интернационалдың жоғарғы директивалық органдары – Конгресс, (төрт жылда бір рет жиналады) және барлық партия мен мүше-ұйымдардан тұратын Кеңес (жылына екі рет жиналады).
2015 жылдың 1-3 қыркүйегінде Кейптаундағы (Оңтүстік Африка Республикасы) Социалистік Интернационал Конгресінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) қатысушыларға дауыс беру құқығы бар Социалистік Интернационалдың толық мүшесі ретінде ресми түрде таныстырылды.
Осы халықаралық үкіметтік емес ұйымға бірігу 2008 жылдан бастап жүргізілді. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда 2011 және 2014 жылдары ТМД, Кавказ және Қара теңіз елдері бойынша Социалистік Интернационал Комитетінің екі кеңесі өткізілді.
2014 жылдың 12-13 желтоқсанда ЖСДП делегациясы Женевада «Халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік: қақтығыстарды реттеу және терроризмнің алдын алу» тақырыбымен өткен Социалистік Интернационалының кеңесіне қатысты. Партия төрағасы аймақтық қақтығыстардың басталуы мен себептеріне, кедейлік мәселелеріне, саяси қуғын-сүргінге, мәжбүрлі көші-қонға және сонымен байланысты гуманитарлық аспектілерге қатысты мәселелер бойынша сөз сөйледі.
2017 жылдың 1-4 наурызында Картахенада (Колумбия) Социалистік Интернационал Конгресі аясында партия төрағасының Австрия, Әзірбайжан, Аргентина, Беларусь, Болгария, Венгрия, Греция, Үндістан, Молдова, Моңғолия, Финляндия және басқа елдерден келген делегациялардың басшыларымен партияаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кезекті кездесулері өтті.