Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары
Т.Қ. Дүйсеноваға
Құрметті Тамара Қасымқызы!
Еліміздің басты заңы арқылы Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялады және адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылады.
Жалпы әлеуметтік-демократиялық партия есептелген көрсеткіштерді минимализмнен (ең төмен күнкөріс минимумы, ең төменгі жалақы және т.б.) тұтыну мен әлеуметтік қолдаудың базалық стандарттарына қарай қайта қарау керек деп санайды.
Ең төмен күнкөріс минимумының шамасы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші және күтуші адамдарға тағайындалатын жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылса, ал ең төмен күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесі өмір сапасының базалық стандартына сәйкес келуге тиіс.
Қазіргі уақытта азық-түлік себетіне азық-түліктің ең аз жиынтығының 2175 ккалға тең тәуліктік энергетикалық құндылығын қамтамасыз ететін 43 азық-түлік атауы кіреді (ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 30.04.2024ж. №ЗТ-2024-03705069 жауабынан). Азық-түлік түрлері санының
43-ке дейін төмендеуі қолайсыз деп санаймыз, өйткені «Азық-түлік өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы
9 желтоқсандағы №503 бұйрығында тамақ өнімдерінің 64 атауы айқындалған. Біз бұл санды халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдени және дәстүрлі рационына сай келмейтін және азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіретін өте аз сандық және сапалық құрам деп санаймыз. Тұрақты тамақтанбау салдарынан көптеген аурулар пайда болады, атап айтқанда, АІЖ-ның (асқазан-ішек жолдары) аурулары, сүйек пен бұлшықет тіндерінің нашар дамуы, еңбек өнімділігінің жоғалуы және иммунитеттің төмендеуі. Әйелдерде ұзақ уақыт тамақтанбау бедеулікке әкелуі мүмкін, ал балаларда өсудің және жалпы бала дамуының тежелуі байқалады. Біздің еліміз әлемнің дамыған елдерімен теңелуге тиіс. Мысалы, Францияда мейрамханаға баруды қосқанда 500-ден астам атау бар.
Біздің партия ай сайын жоғарыда аталған бұйрықта айқындалған азық-түлік өнімдерін негізге ала отырып, республика бойынша баға мониторингін жүргізді. Ағымдағы жылдың мамыр айының басында Республика бойынша біздің есептеулермен азық-түлік өнімдеріне орташа есеппен 63 641 теңгені құрайды. Сәйкесінше, ең төменгі күнкөріс минимумы 115 710 теңге болуы керек. Ал, статистика органдары басқа сандарды беріп отыр, ол бірнеше есеге аз. Өмірдің шынайы бейнесінің статистикамен ешқандай ортақтығы жоқ.
Жоғарыда айтқанымдай, мемлекетті әлеуметтік қорғауда жаңа тәсіл қажет, сондықтан құрметті Тамара Босымбекқызы, біздің партия мамандарының қатысуымен халықаралық стандарттарға да, ұлттық мәдени қажеттіліктерге де жауап беретін жаңа азық-түлік себетін әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы мәселені қарауды ұсынамын.
ЖСДП партия фракциясының депутаттары