Аталған кезеңде Бейімбет Майлин, Денисовка, Жітіқара, Қамысты аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының Рудный және Лисаков қалаларында халықпен кездесулер өткізді. Кездесу барысында облыс тұрғындарын қызықтыратын көптеген мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, сапар барысында бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралап, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым.