КЕГЕНДЕГІ КҮРЕ ЖОЛДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
Кеген ауданына жұмыс сапарымен келдім. Іс-сапар барысында ауданның проблемалық аймақтарына зерделеу жұмыстарын жүргізілді.
Ең басты мәселелердің бірі аймақтағы күре жол. Аталмыш республикалық маңызы бар Көкпек-Кеген-Түп автокөлік жолының проблемалық мәселелерін шешу.
Аталған автокөлік жолының әртүрлі учаскелеріндегі (26-41, 41-53, 53-68, 74-88, 88-99 км) аралықтарындағы жөндеу жұмыстары аяқталған және жүргізіліп жатқан жерлердің мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жолдың сапасын қадағалау, техникалық талаптарға сай жүргізілуін айтып кеттім.
Аудандық әкімдіктің айтуы бойынша, жол, су, мектеп, ғимарат құрылыс жұмыстарының керекті материалдардың барлығы Алматы қаласынан алынып жатыр. Сәйкесінше, тасымалданатын жолдың ақысы жобалардың сметалық құнына әсері тиіп жатқандығы айтылды.
Сондай-ақ, Кеген және Райымбек аудандарына ортақ карьер ашу, асфальтобетон зауытын салу жоспарға енгізілді.