Рожин
Максим
Николаевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Алматы облысы Кеген ауданы

Алматы облысы Кеген өңірінің өрт сөндіру бөлімшесіне жұмыс сапарымен бардым.

Жеке құраммен кездесуде қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Ескелдиев өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыс, проблемалық мәселелерді шешу және бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін қолдау бойынша жұмыстарды жүргізу туралы баяндады.

№7 өрт сөндіру бөлімінде болып, онда бөлімнің жұмысымен, қызмет өткеру жағдайымен, авариялық-құтқару техникасымен, жабдықтармен және аспаптармен таныстым.

Кездесу сындарлы өтті. Азаматтық қорғау органдарының одан әрі табысты қызметін жүзеге асыру үшін енгізілген барлық мәселелер мен ұсыныстар ерекше бақылауға алынатын болады.