Құрметті достар, бүгін мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекара режимі туралы келісім ратификацияланды. Бұл нені білдіреді?
Қарапайым тілмен айтқанда құжат негізінде екі елдің мемлекеттік шекарасындағы тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, тең құқықтық, достық және ынтымақтастық рухында жүргізіледі деген сөз. Біз осыған мүдделіміз, өйткені мемлекеттік шекараның осы учаскесінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз, Парсы шығанағы бағытындағы транзитті, халықтың екі ел арасында қатынауын достық пен ынтымақтастық жолында реттеп жату керек. Бұл еліміздегі көрші мемлекетпен ұзындығы ең кішкентай (458 шақырым) шекара.
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі өзіне:
* Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын ұстау;
* Адамдардың, көлік құралдарының Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі және ол арқылы жүктер мен өзге де мүліктің өткізілуі;
* Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу;
* Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы мен шекаралық белдеулердің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасында, шекара белдеулерінде, сондай-ақ шекара сулары шегінде шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);
* Шекаралық қақтығыстарды шешу.
Сонымен бірге, мемлекеттердің азаматтары шекаралық ведомстволардың рұқсатымен шекаралық сулардың өз бөлігі шегінде балық аулауды жүзеге асыра алады.
Естеріңізге сала кетейін 2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президентінің Астанаға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түрікменстанның Қазақстан үшін ортақ шекарасы, тарихы мен мәдениеті бар бауырлас мемлекет екенін ерекше атап өткенін айтқым келеді.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап достық пен стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы 70-тен астам құжаттан тұрады.
Осы келісім туралы ақпаратты бүгін Еркежан Кунтуганкызы басқаратын арнаға сұқбат бердім. Айтпақшы енді мәжіліс отырыстары тікелей эфирде көрсететін болады. Спикерлеріңіз жақсы ақпаратпен қуантсын 👍