Рожин
Максим
Николаевич

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобасы бойынша жарыссөзге қатысу

Ең алдымен, 2022 жылғы 15 қазанда Түрікменстан Президентінің Астанаға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түрікменстанның Қазақстан үшін ортақ шекарасы, тарихы мен мәдениеті бар бауырлас мемлекет екенін ерекше атап өткенін айтым келеді.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап достық пен стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы 70-тен астам құжаттан тұрады.

Парсы шығанағы бағытындағы маңызды халықаралық транзиттік маршруттардың бірі Қазақстан-Түрікменстан шекарасы арқылы өтеді. Екі өткізу пункті жұмыс істейді, олар – «Темір-баба» автомобиль және «Болашақ» теміржол пункттері.

Мұндай жағдайда еліміз Мемлекеттік шекараның осы учаскесінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі.

Мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаттың қажетті әрі маңызды бөлігі режимдік шаралар жүйесін белгілеу және іске асыру болып табылады.

Қаралып отырған Келісім Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы құқықтық режимді айқындайды және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.

Келісімді қабылдау Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын нығайтуға және бауырлас халықтарды одан әрі жақындастыруға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Мен қаралып отырған заң жобасын толық қолдаймын және әріптестерімді де оны қолдауға шақырамын.