Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Апат айтып келмейді. Алматыда болған жер сілкінісі бірқатар қордаланған мәселелер бар екенін көрсетіп берді.
Мемлекет басшысы Алматы қаласында өткен сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте осы салаға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда:
➢ сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін толығымен қайта қарап, сапасын жақсартуды;
➢ азаматтық қорғаныс дайындығын бағалаудың нақты жүйесін енгізуді қамтамасыз етуді;
➢ сейсмикалық мониторинг пен зілзаланы болжау жүйесін жетілдіруді;
➢ елде білікті сейсмолог мамандар дайындаудың сапасын арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ, Президент Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне Алматы қаласында ірі зілзала болу қаупін алдын ала ескертуге арналған автоматтандырылған жүйені енгізуге бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеруді, бір ай ішінде нәтижесін баяндауды тапсырды.
Сейсмикалық қауіпсіздікке байланысты тапсырмалардың уақытылы орындалуы қордаланған мәселелердің шешілуін жүзеге асырады.