Бүгін Семей қаласындағы 1-Жылу электр орталығында болып, нысанда жүргізілген қайта құру және жаңарту жұмыстарын көрдім.
Жылу орталығы қаладағы 362 көп қабатты үйді,30 әлеуметтік объектіні,55 бюджеттік мекемені және 564 кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етуде.
Жалпы 2023 жылы Семей қаласының жылу жүйесін жаңартуға 23,9 млрд.тенге бөлінген.