Бүгін Семей қаласындағы «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым.
Азаматтарды қабылдау туралы ақпаратты алдын – ала әлеуметтік желіде жарияладым.
Қабылдауға 30 адам келді.
Тұрғындардың тарапынан Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдауды жақсарту,қала ішінде қоғамдық көліктің жұмысын реттеу,тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ,саяжайлардағы электр жарығын қалыпқа келтіру,қалаға қарайтын елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсарту туралы және басқа да мәселелер айтылып, сұрақтар қойылды.