Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Абай облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында азаматтарды қабылдап, мәселелерін тыңдадым.

Абай облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында азаматтарды қабылдап,мәселелерің тыңдадым.

Қабылдауға келген азаматтар тарапынан шағын ауылдардағы мектептердің мәселесін шешу,ауыл мектептеріндегі жұмысшыларға 25 % үстемақы төлеу, жалға берілген үйлерді жекешелендіру,ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту,орман шаруашылығы жерлеріндегі жергілікті жолдарды жөндеу,ауылдарды жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері көтеріліп,бірқатар ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Бесқарағай ауылындағы оңалту орталығының қызметін, жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысын және әлеуметтік үйлерді барып көрдім. Берілген ұсыныстарды шешу жолдарын қарастырамыз.

Осы ауданнның Өндіріс ауылына барып, халықпен кездесу өткіздім.

Тұрғындар тарапынан ауыл шаруашылығын дамыту, мал өткізуді реттеу, орман шаруашылығындағы жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері және басқа да ұсыныстар айтылды.