Абай облысының Аягөз қаласындағы Мәдениет үйінде халықпен кездесу өткіздім.
Азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдадым.
Қала тұрғындары тарапынан кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету,
азық түлікке бағасын бақылау,қоғамдық көлік мәселесін реттеу,қаладағы ауыз су және қоқыс мәселесін шешу,инфрақұрылымды дамыту,1-4 сынып оқушыларын тамақтандырудың сапасын жақсарту,қаңғыбас иттерді жою мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ,Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру,әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету,ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту туралы,қалада жедел жәрдем көлігін шақыртуды Семейден Аягөздің аудандық ауруханасына қайтару және басқа да ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар,Еткомбинаты шағын ауданында салынған әлеуметтік үйлерді барып көрдім,тұрғындармен кездестім.
Әлеуметтік үйлер сапасыз салынғаны туралы тұрғындар тарапынан өте көп шағым түсті.
Онан кейін,қаланы жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жағдайын барып көрдім.
Бұл қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу керек.