Тұрғындар тарапынан жайылым мәселесін реттеу,малы жоқ және егін екпейтін шаруа қожалықтарының жерін мемлекетке қайтару,суармалы жерлерді көбейту,жүн-тері өндірісін дамыту,азық түлікке бағаны бақылау,қанғыбас иттерді атуға рұқсат беру мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ,кездесулерде Шар су қоймасын күрделі жөндеу,Бірлік және Жаңаөзен ауылдарында Мәдениет үйлерін салу,Аршалы ауылында мектеп салу,Жаңаөзен ауылын жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету,міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлей алмайтын жұммыссыз жүргендерге медициналық көмек көрсету туралы және басқа да ұсыныстар айтылды.