Абай облысындағы халықпен кездесулерім аяқталды. Халықпен кездесулерімнің және азаматтарды қабылдаудың кестесін фейсбук және инстаграм парақшаларымда алдын-ала жарияладым.
Келем деген азаматтарға есігіміз айқара ашық болды.
Абай облысының Семей қаласы мен 6 ауданының 18 елді-мекенінде болып, 26 кездесу өткіздім.Азаматтарды қабылдадым.
Соның ішінде шалғайдағы ауылдарда,сондай-ақ шекара маңында орналасқан Бесқарағай ауданында (солтүстіктегі көршімен шектеседі) және жаңадан құрылған Мақаншы ауданында( оңтүстүктегі көршімен шектеседі) болдым. Екі ауданның арақашықтығы-700 шақырымнан асады.
Кездесулер ашық түрде өтті. Халық көп қатысты. Азаматтарға өз ойындағы сұрақтарын қоюға,ұсыныстарын жеткізуге толық мүмкіндік берілді. Сұрақтарға менің тарапымнан нақты жауап берілді.
Көтерілген мәселелер туралы фейсбук және инстаграм парақшаларымда жариялап отырдым. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат бердім.
Халықтың көтерген мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі,берілген өтініштерге жауап беріледі.