Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында өңірлерді дамытуға ерекше назар аударды. Тиісті тұжырымдамалар мен даму жоспарлары қабылданды. Еліміздің өңірлерін сумен, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрғын үйлерді салу, жолдарды жөндеуге, абаттандыруға және инфрақұрылымды жақсартуға қомақты қаражат бөлінуде.
✅ 2023 жылы өңірлерді дамыту үшін республикалық бюджеттен субвенция ретінде 5 трлн теңге
✅ өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 94,6 млрд теңге бөлінді.
✅ 450 елді мекенді сумен жабдықтау жобасына 270 млрд теңге қарастырылды.
✅ 118 млрд теңге жылумен жабдықтауға бөлінді, 134 км жылу жүйесі жаңартылды.
✅ 2023 жылдың 10 айында 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.
✅ Астана қаласында 3-ші жылу электр орталығын салынды. Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында үш жылу электр орталығын салуға меморандум жасалды.
✅ «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бекітілді. 3075 елді мекен жылдам интернет желісімен қамтамасыз етіледі, интернет облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қосылады.
✅ елімізде үш жаңа өңір құрылды: Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары. Оларды дамытуға қосымша қаражат бөлінді, жаңа нысандар салынып, өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалуда.
✅ үш шекаралас аудан: Абай облысының Мақаншы, Шығыс-Қазақстан облысының Катонқарағай және Марқакөл аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы Үкіметтің қаулысы бекітілді.
✅ 2023 жылы жолдарды жөндеуге 407 млрд теңге бөлінді.
-Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Балқаш, Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Мерке-Шу, Құрты-Бурылбайтал жолдарында қозғалыс ашылды.
-Үшарал-Достық (180 км), ішінара Балқаш-Бурылбайтал (127 км), Қандыағаш-Мақат (359 км), Қостанай-Денисовка(19 км) жолдары пайдалануға берілді.
✅ Мойынты - Достық, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз темір жол желілерін салу жұмыстары қолға алынды.
✅ Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң қабылданды. Қайтарылған қаражат әлеуметтік жобаларға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.