Парламент Мәжілісі 2023 жылғы 1 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлдап, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберілді.
- Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді.
- Азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарының қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салынды.
- Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы берілді. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады.
- Дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізілді.
Бұл заң жобасын Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті жұмыс тобының және Комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланды.