Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы туралы

2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Заң жобасында мынадай шаралар ұсынылады:

- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; Сатып алу қатысушыларының біліктілігін арттыру үшін сатып алуды тиісті беделі бар өнім берушілер арасында жүзеге асырылатын болады. Өнім беруші туралы ақпарат дерек базаларын пайдалана отырып қалыптастырылатын болады. Бұл өнім берушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді.

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату; Конкурсты өткізу мерзімі 2 айдан 1 айға дейін қысқартылады.

- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін кеңінен пайдалану арқылы өнім берушіні таңдаудың бағаға қатысты емес өлшемшарттарын дамыту;

- қоғамдық мониторингті енгізу, әсіресе құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша.

- шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу және бақылаушы органның рөлін қайта қарау;

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыру;

- бірыңғай сатып алу платформасын құру.

Бұдан басқа, келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда тапсырыс берушіге шартты бұзу құқығын беру заңнамада көзделетін болады.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қаулысымен Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басшысы - депутат Р.С.Қожасбаев.

Заң жобасы жұмыс тобында жан-жақты талқыланады.